Блог статистикасы
195
Жазбалар
3539
Өтініштер
150122
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жалпы ақпарат

1. Жалпы ережелер

1. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысының аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік  органы болып  табылады.

«Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және  заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің  және Үкіметінің актілеріне,  өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ  осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің  ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өзінің  атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген  үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында  шоттары бар.

4. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жұмыс уақытының ұзақтығы сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгіленеді.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына  сәйкес жұмыс істеушінің келісімімен  мерзімнен тыс жұмысқа және демалыс пен мереке күндеріндегі жұмысқа жол беріледі.

Қызметкерлерге екі демалыс күнімен бес күндік жұмыс аптасы белгіленген.

5. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер оған заңңамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде түсуге құқығы бар.

7. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті  қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Таран көшесі, 85.

10. Мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Орыс тіліндегі толық атауы: государственное учреждение «Управление по делам религий акимата  Костанайской области».

11. Осы Ереже «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды құрылтайшы енгізеді.

12. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мақсатында «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен  кіріс түсіретін қызметті жүзеге асыруға  құқық берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, мәні, мақсаты,

негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

14. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру болып табылады.

15. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні дін саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

16. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты өз құзыреті шегінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

17. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1) Қостанай облысының аумағында дін саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыру;

2) мәдениет пен дін  диалогының жаңа нысандарын іздеу жолымен конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты  одан әрі нығайту;

3) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті деңгейде  ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;

4) жергілікті мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынастарын реттеу саласындағы қызметін үйлестіру;

5) өңірдегі  діни ахуалға, облыс аумағында құрылған діни бірлестіктердің, олардың филиалдарының және миссионерлердің қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;

6) облыс және Қазақстан Республикасының аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгері жылжытуға бағытталған республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

7) Қостанай облысының аумағында конфессияаралық келісім мен төзімділікті нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

8) ақпараттық деректер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, қорытындылау және сыныптау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

9) діни, этно-мәдени және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

18. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) дін саласындағы, Қазақстан Республикасында адамның  құқықтары мен  бостандығын қамтамасыз етудегі және сақтаудағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдарды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

2) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органы жанындағы дін мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдарының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-техникалық және қаржылық қамтамасыздандырылуын  қамтамасыз етеді;

3) «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 374-1, 375-баптарында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтырады;

4) өңірдегі діни ахуалды болжауға бағытталған социологиялық және мониторингтік зерттеулер жүргізеді;

5) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттiк қызметін көрсетеді;

6) «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуға қатысты мәселелерді қарайды. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінен құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізеді;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуын және іске асырылуын жүзеге асырады;

8) дін саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асырады;

9) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дін қызмет саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға.  Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселерді дайындауға қатысуға тартуға;

2) мемлекеттік органның дін саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінен облыс әкіміне ұсыныстар енгізуге, «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер  бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыруға;

3) «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін дін саласының мәселелері, адам құқығын сақтау және өзге де мәселелер бойынша  мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге құқығы бар.

20. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасының нормаларын сақтау;

2) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

21. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне  басшылықты «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген тапсырмаларды  орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөнінен шаралар қолданбағаны үшін дербес жауап беретін бірінші басшы жүзеге асырады.

22. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі лауазымға  тағайындайды және лауазымынан босатады.

23. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сондай-ақ осы Ережемен «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне берілген өкілеттіктер шегінде сенімхатсыз  әрекет етеді, оның ішінде:

1) «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық жасайды;

2)  «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

4) «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

5) «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін білдіреді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының болмаған кезінде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы  заңнамаға сәйкес оны  ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

25. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатқызылады.

26. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражатқа сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де әдіспен иелік жасауға құқығы  жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

28. «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі таратылған жағдайда мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте пайдалануға жатады.

хат жіберу